Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 240 миллион теңге бөлінген.
Спорт кешенінің ашылуына қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов жаңартылған спорт кешені полиция қызметкерлерінің жауынгерлік, дене және қызметтік даярлықтарын арттыруға, спорттық жарыстарда полицейлердің даярлықтарын арттыруға арналғанын айтып өтті
Енді спорттық кешен күніне қала тұрғындары да, мектеп оқушылары бар 500-дей адамды қабылдай алады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері спортпен айналысып, түрлі жаттығулар жасауға мүмкіндіктері бар. Төтенше жағдайлар департаментінің де оқу-жаттығу залдары бар.
Кешенде шағын-футбол алаңы баскетбол және волейбол, самбо, жаттығу және теннис залы, қыздарға арналған фитнес залы бар.
Тұңғыш Президент күні облыстық ішкі істер департаментінің 600 қызметкері 2050 қашықтықты жүгіріп өтті.
Бұл күні 150-ден астам полиция қызметкері марапатталды.
Спорт кешенінің ашылуына Сидней Олимпиадасының чемпионы, Мәжіліс депутаты Ольга Шишигина, жерлесіміз, Наганода өткен Қысқы ойындар Олимпиадасының жүлдегері Людмила Прокашева қатысып, полиция қызметкерлерін осындай сәтті мүмкіндіктерімен құттықтап, жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.
Фарида БЫҚАЙ
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген Валерий Бугаев