Кезінде жастар арасында әлем чемпионы атанып, бұл күндері кәсіпқой рингті шайқап жүрген қандасымыз өзінің алтыншы кездесуін өткізгелі отыр. Бұған дейінгі бәсекелерінің барлығында ол айқын басымдықпен аяқтады. Соңғы рет Садриддин шаршы алаңға 25 қарашада шығып, мексикалық Хосе Франсиско Зуниганы екінші раундта ұрып шыққан еді.
Эдмонтонда Садриддин Ахметов Мексиканың тағы бір боксшысы Элиуд Мелендез Рочамен айқасады. 29 жастағы ацтектер елінің өкілі осыған дейін 26 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. 9 қарсыласын нокаутқа жіберді. 9 мәрте ұтылып, екі бәсекені тең аяқтады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»