Өркен Серікқалиұлы Бисақаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген, білім жоғары.
1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (инженер-экономист), 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (юриспруденция), 2015 жылы Алматы Менеджмент университетін (іскерлік әкімшілік) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Батыс Қазақстан облысындағы
«Интергазстрой» ААҚ-да экономист қызметінен бастап, КТК жобасы директорының орынбасары, Тенгизшевроил жоба басқармасының инженер-жобалаушысы, «Интергазстрой» жоба - экономикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2003 – 2004 жылдары «Казтранском» ААҚ –да Шаруашылық департаментінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.
2004 – 2007 жылдары «Ньютек Дистрибьюшн» ЖШС корпоротивті жобалар департаментінің менеджері, департамент директоры, бас директорының орынбасары болды.
2007 - 2010 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2010 - 2012 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2012 - 2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2016 - 2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы