1 желтоқсанда корпорацияның бас директоры орынбасары және қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды АҚШ билігінің сұрауы бойынша Ванкуверде тұтқындады. Қамауға алынуының себептері нақты белгісіз. Дегенмен Американың Иран еліне салған сауда санкциясын орындамағаны себеп болуы мүмкін.
Канададағы Қытай елшілігі тұтқындауға наразылық білдіріп, Мэн Ваньчжоуды қамаудан босатуды талап етті. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Huawei корпорациясы қаржы директорының қандай заңсыз әрекетке барғанынан хабарсыз екенін және айыптауға негіз болатындай ақпараттардың жоқ екенін хабарлаған.
Сондай-ақ, қамауға алу батыс елдерінде Huawei техникасын пайдалануды шектейтін әрекеттермен сәйкес келді. АҚШ, Австралия және Жаңа Жаңа Зеландия 5G форматындағы жылдам мобильді желілерге өту үшін осы маркаға қатысты техниканы пайдаланбауға уағдаласты.
New York Times журналистерінің ақпараты бойынша, Huawei корпорациясы Иранға қатысты АҚШ санкцияларын бұзған. Ал Америкалық заң шығарушы органдардың айтуынша, компанияның технологиялық өнімдері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, Қытай билігінің АҚШ-тағы тыңшысына айналып үлгерген.
Huawei компаниясының мәлімдемесінде компания БҰҰ, Еуроодақ және АҚШ-қа мүше елдерде әрекет ететін экспортты бақылау мен санкциялар туралы заңдар мен ережелерге сәйкес жұмыс істейді деп айтылған.
Қытай СІМ адам құқықтарының бұзылуы туралы мәлімдей отырып, Мэн Ваньчжоуды дереу босатуды талап етеді.
Аталған компания әлемде телекоммуникация жабдықтары мен техниканы шығарудан Apple-ді басып озып, Samsung-тан кейінгі екінші орынға жайғасқан.Батыс елдері Қытай бесінші буынға 5G арқылы жол тауып, басқа да технологиялар арқылы тыңшылық әрекетін күшейтеді деп қауіптеніп отыр. Британияның ең ірі British Telecom компаниясы елдегі 5G желісінің өрісін кеңейту мақсатында қолданған Huawei техникасын тәркіледі. Осыған ұқсас шектеулер Жаңа Зеландия, Австралия және АҚШ-та енгізілді.
Мэн Ваньчжоу ұсталғаннан кейін Қытай биржаларында негізгі индекстер құлдыраған. Shanghai Composite индексі 1,28%-ға, Hong Kong ' s Hang Seng индексі - 2,5%-ға, Nikkei 225 шамамен 2%-ға төмендеді.