Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2018

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

641 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов 5 қазанында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады, оның бір бағыты ретінде құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруді тапсырғандығын баяндай отырып, осы жолдауды жүзеге асыру мақсатында Ішкі істер министрлігіндегі реформалар, Полиция департаментінің қазіргі таңдағы ахуалы мен қазіргі кездегі облысымыздағы қылмыстық ахуал және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Полицияға қатысты тұрғындардың қойған сұрақтарын тыңдап, жауап берді. Сонымен қатар, жазбаша түрде ұсынылған арыздарды қабыл алды. Есеп беру кезеңінде кездесуге келе алмаған, орталықтан шалғай жатқан аудан тұрғындарының да сұрақтарына жауап беру мақсатында бейне селекторлық режимдегі байланыс жүйесі ұйымдастырылды.

- Биылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында  Елбасы Құқық қорғау органдарының жұмысына сапалы қайта құрулар қажеттілігін белгіледі. Қазірдің өзінде бірқатар өзгерістер басталып кетті. Ішкі істер департаменттері мен Жергілікті полиция қызметі Полиция департаменті болып қайта құрылды. Енді облыс әкімдері полиция органдарының алдына құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қояды, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ұсыныс бере отырып, Департамент бастықтарын тағайындайды және босатады. Полицияның жұмысы сервистік үлгіге көшіріліп, халықпен жұмыстың жаңа заманауи форматтары енгізілуде. Елбасының тапсырмасына сәйкес, полиция қызметінің ашық болуы, сондай-ақ азаматтардың санасында «полиция тек жазалаушы орган емес, қиын жағдайларда халықтың жанынан табылып, көмектесетін қызмет» деген түсініктерді қалыптастыру үшін барлығын жасаймыз. Маңғыстау полициясы қылмыспен және құқық қорғау органдарымен күресуде ең жаңа технологияларды қолданып және материалдық-техникалық жабдықтарын, жауынгерлік қызметті оқыту тәртібін дамытуда, заң шығару деңгейінде де, физикалық деңгейде де күнделікті шыңдауда, деді ол.

Полиция департаментінің Оқу-жаттығу ротасы тұрғындарға арнайы қару-жарақтар мен жауынгерлік әрекеттер кезінде қорғану үшін жаңа киім үлгілерін көрсетті.

Сонымен қатар есеп беру кезеңінде Департамент бастығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.08.2000 жылғы №1243 санды «Қылмыстың алдын –алу, қылмысты ашуға көмектескен азаматтарды марапаттау туралы» қаулысын және ҚР ІІМ-нің 27.11.2004 жылғы «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы, ережені бекіту туралы» №641 санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, Маңғыстау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, олардың ізін суытпай ашуға үлес қосқан азаматтардыалғыс хат және  төс белгілермен марапаттады.

Баяндама полицияның шынайылығы, яғни ашықтығы жайында кеңес алу үшін келушілерге барлық қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, Департамент ғимаратына кіре берістегі бақылап-өткізу пунктіне ағымдағы жылғы қарашада күрделі жөндеулер жүргізіліп, қайта жаңартылды. Талдау нәтижесі көрсеткендей Департаментке күніне 150-дей азаматтардың келуімен байланысты, бақылап-өткізу пункті екі есеге кеңейтіліп, қосымша "фронт-офисі" ашылғандығын, ағымдағы жылдың соңына дейін қалалық және аудандық полиция бөліністерінің жанынан осындай "фронт-офистерді" ашылуын жоспарланғанын баяндады. Ғимаратқа кіреберісте барлық басшы құрамдардың азаматтарды қабылдау кестесі (аты-жөні, қызметтік бөлмелері, телефондары) орнатылған. Жалпы  Полиция департаментте жыл басынан бері 117 тұлғаның қатысуымен 32 қабылдау жүргізілген.

Полиция бөліністерінің кіреберістерінде барлық ақпараттар мен мәліметтерді бақылауға үшін сенім телефондары орнатылған, сонымен қатар барлық қоңыраулар мен айтылғандарды жазып алатын, демалыс күндері мен түнгі мезгілдерде арыз-шағымдарды тоқтаусыз қабылдайтын «102 операторы» қызмет жайында ақпараттар айтылды. Халықпен тікелей жұмыс істейтін барлық полиция қызметкерлері қызмет атқару барысындағы іс-әрекеттері мен құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік беретін бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіліп, Ішкі істер министрлігі басшылығының нұсқауына сәйкес, қазан айынан бастап бейнетіркегішсіз қызметке шығуға тыйым салынғандығын және Жедел басқару орталығымен «он-лайн» режимінде полиция қызметкерлерінің жұмысына қадағалау жасау үшін барлық қызметтік автокөліктерге де бейнетіркегіштер орналастырылғандығын мәлімдеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы