Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жапониялық The Asahi Shimbun газетінің тілшісін қабылдап, Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жөнінде сұхбат берді. 

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

The Asahi Shimbun басылымы тілшісі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің себебі, мән, маңызы төңірегінде, «Егемен Қазақстан» басылымына қатысты көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарды қойды. Сонымен қатар латынға көшу үдерісі қалай жүріп жатқанына да қызығушылық танытты.

Айта кетерлігі, The Asahi Shimbun газетінің 2019 жылғы ақпандағы нөмірі Қазақстанға және Орталық Азия тақырыбына арналмақ. Соған сәйкес, басылымда еліміз туралы көлемді мақала шығару жоспарда бар екен. 

Дархан Қуандықұлы жапониялық журналиске жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтарын түсіндіріп берді. 

Соңында естелік суретке түсіп, «Егемен Қазақстан» газеті атынан кітап тарту етілді.