Мемлекет басшысы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бірлесіп «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты Республикалық ғылыми-теориялық online конференция өткізді.

Латын әліпбиіне қатысты сан-түрлі сауалдар мен өзекті мәселелерді ой-талқысынан өткізуге арналған online конференцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі тіл мамандары және Алматы қаласының мұғалімдері қатысты.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Раиса Садвакасова «Латын әліпбиіне көшу – жалпыұлттық мемлекеттік реформа. Осы реформаны жүзеге асыруда қазіргі заманғы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін түсіндіру, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша алқалы жиынға қатысушы қонақтар мен зиялы қауым өкілдері ұтымды пікір, тиімді ұсыныстарымен бөліседі. Тарихи тамыры тереңде жатқан тілімізді түлетіп, уақыт талабына сәйкес бірлікте еңбек етсек, қателіктерге бой алдырмай, нақты жетістіктерге қол жеткіземіз» атап өтті.
Іс-шараның бірінші бөлімінде ғаламтор желісі арқылы Америка, Пенсильвания штаты Суортморск университетінің профессоры, PhD доктор, лингвист Джонатан Уашингтон Латын әлипбиіне көшу туралы ой-пікірі мен ескертулерін қазақ тілінде жеткізді. Сонымен қатар Түркия, Еге Университетінің профессоры, ф.ғ.д. Mustafa Öner «Қазақ тілі үшін тәуелсіз әліпби, тәуелсіз емле және тәуелсіз емле туралы көзқарастар», Польша, Варшава университетінің шығыстану факультетінің докторанты Вячеслав Чернев «Жаңа қазақ брайльінің ерекшеліктері», Америка, Уисконсин университетінің профессоры, Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының басшысы Юлай Шамилоғлу «Еуропа тілдері көз қарасынан жаңа қазақ латын әліпбиі», Халықаралық Түркі академиясының профессоры, ф.ғ.д., Кадыралы Конкобаев «Түрік әдеби тілдерінің әліпбилері» тақырыптары бойынша өзекті мәселелерді қозғап, өз тәжірибелерінде сыннан өткен тиімді әдістерді ортаға салды.
«Жаңа әліпбидің ғылыми-теориялық мәселелері» тақырыбына жалғасқан конференцияның екінші бөлімінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек «Тілдік реформа-рухани жаңғыру негізі», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, академик Өмірзақ Айтбаев «Рухани сілкініс немесе қазақ жазуының күні туды» тақырыбында және тағы да басқа ғалымдар латын әліпбиіне көшу тұрғысында баяндама жасады.
Тіл білімі саласының көрнекті ғалымдары тіл мамандарының сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді талқылады.
Эльвира Серікқызы,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 13:35
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 12:20
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 11:20
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Спорт • Бүгін, 09:30
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар