Президент • 12 Желтоқсан, 2018

Елбасының Жарлығымен бірқатар тағайындаулар жасалды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының Жарлығымен бірқатар тағайындаулар жасалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.