Өнер • 12 Желтоқсан, 2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

293 реткөрсетілді

Ә.Қастеев атындағы Мем­лекеттік өнер му­зейінде бел­гілі сурет­ші Алексей Ут­киннің «Мен осындай әр қи­лымын» атты жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты. Экспозицияға су­рет­шінің 150-ге тарта кес­­кіндеме, графика, ав­тор­­лық портреттік туын­ды­лары қойылған.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алексей Уткин сурет әлемінде өзі­не тән қолтаңбасын қалып­тас­тырған өнер иесі. Ол ұзақ жылдар бойы өзі оқыған са­ңырау балаларға арналған мектепте сурет пәнінен сабақ берді. 1995 жылы «Саңырау суретшілердің қауымдастығы» бейкоммерциялық бірлестігін құрып, талай дарындардың қанаттануына жол ашты. 

Көрмеден дарынды су­рет­шінің сан түрлі стиль мен техникада орындалған көп­теген жаңа жұмыстарын кездес­тіруге болады. Қыл­қалам ие­сін бас­қалардан да­ралап тұ­ратын күш – шығар­малардағы екпінді эмоция мен жарқын жігер. Картиналардың өне бойына үңілсеңіз, форма мен түс, терең мазмұн, ұтымды композициялық ше­шім суретші үшін басты орын­да екенін анық аңғарасыз. Ішінара карикатураға жақын портрет-суреттер де көзге жы­лы ұшырайды. 

«Көптеген туындылары­нан Алма­тының тау бөктер­лерінен жайылып жатқан қала пейзаждарын көреміз. Ол осы қаланы жаңа қырынан ашудан шаршамайды және оны өз туындыларында жыр­лауды тоқтатпайды. Ше­бер­дің шығармашылық жолы Ва­шинг­тондағы «Жол» көр­ме­сін және Қазақстандағы Ни­дер­ланды Ко­рольдігі ел­ші­­лігінің «Қызғалдақ жә­не адам» көрмесін қоса алған­да он­да­ған көрмелер мен ма­ра­пат­тардан тұрады», дей­ді көрме жетекшісі Клара Исабаева.

Ол кейіптеген шығар­ма­дағы тал-теректен сау­ды­раған сап-сары жапы­рақ­тар күрең күздің құшағына тар­тып көңіл түкпіріндегі сағы­ныш сезімдерін шымшы­лайды; ол кейіптеген қыс кел­беті бая-шая тіршіліктің бат­пағынан арылып, өмірге қар­дай таза көңілмен үңілуге шақы­рады – ол кейіптеген картиналардан Алматының мезгіл әуендері еседі...

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұстаз һәм өскелең ұрпақ

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар