Кино • 13 Желтоқсан, 2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

121 реткөрсетілді

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қызғалдақтар атамекені» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен бойынша түсірілген жобаны «Мерген» студиясы жүзеге асырды.

Аты айтып тұрғандай бастапқыда фотограф ретінде танылған Олег Беляловтың жаңа туындысы қызғалдақтың төркіні болған Қазақстан туралы баяндайды. Фильм тамыры тереңге тартатын ерекше гүлге арналады.

– Тамаша фотограф Олег Беляловты кезінде режиссер болуға көндіре алғаныма қатты қуанам. Ол үшін бұл маңызды шешім болды. Бүгін міне, біз оның фильмін тамашалауға жиналып отырмыз, – деді фильм басталар алдында сөз алған «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков.

Сондай-ақ Бақыт Қайырбеков режиссердің бірінші туындысы «Алтынемел» Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен кино мен туризм саласындағы Азия өнері апталығында үздік шетел деректі фильмі аталымында алған жүлдесін табыстады.  Айта кетелік, Олег Беляловты Қазақстан кинематографистер одағы ұлттық «Құлагер» премиясында үздік режиссер-документалист деп таныған болатын.

«Қызғалдақтар атамекені» фильмінің түсірілімдері Алматы, Жамбыл, Түркістан және Орталық Қазақстан облыстарында жүрген. Сонымен қатар, режиссердің айтуы бойынша, фильмде архивтік материалдар қолданылған.

– Көпшілік қызғалдақты Голландиямен байланыстырады. Алайда, бұл гүлдің отаны – Қазақстан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қызғалдақ тақырыбын қозғағаны мені қуантып отыр. Өйткені, бұл гүлдер біздің мұрамыз, мақтанышымыз, брендіміз. Оларды қадірлеп, қорғауымыз керек, – деді фильмнің ғылыми кеңесшісі Анна Иващенко.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар