Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қаржы ұйымдары тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көрсетілген қолдаулар нәтижесінде кәсіпкерлікке бет бұрғандар саны артып келеді.

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

Мысалы, «Ырыс» микроқаржы ұйымы ашылған 2009 жылдан бүгінге дейін 17367 жобаны қолдап, 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті. Ал биылғы жыл басынан бері жалпы сомасы 4 387,7 млн.теңгені құрайтын 1228 жобаны қаржыландырған. Жүзеге асқан жобалар шеңберінде 1300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қаржыландырылған жобалардың 31,9% мал шаруашылығын дамытуға бағытталып, 371 жобаға несие бөлген. Көктемгі егістік жұмыстары бойынша 766 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 15 жобаға қолдау көрсеткен.  «Жас кәсіпкер» бағдарламасы шеңберінде 18 бен 29 жас аралығындағы іскер жастарға 20 млн. теңге несие берілген.

Сондай-ақ «Ырыс» микроқаржы ұйымы фермерлерге алдын-ала төлемсіз қаржы лизингін беріп, «Ырыс-Өркендеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге ауылшаруашылық техникасын және ауылшаруашылық техникасын сатып алуға қолдау көрсетуде.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше