- Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамытуға «Даму» қорымен 1,8 млрд теңге, Маңғыстау облыстық әкімдігімен 900 млн теңге бөлінді. Осылайша, «Нұр Капитал» аймақтық бағдарламасын іске асыруға бағытталған қаражаттың жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрады. Бағдарлама Ақтау қаласын қоспағанда, Маңғыстау облысында тіркеліп, жобаларын жүзеге асырып жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін әзірленген. Кәсіпкерлер үшін ақырғы мөлшерлеме 1%-ды құрайды, номиналды мөлшерлеме жылдық 8,5%-дан көп емес, 7,5%-ы субсидияланады, бір қарыз алушыға қойылатын лимит 30 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Халық банкі» АҚ ЖФ, «Халық банкі» АҚ МОФ, «Банк Центр Кредит» АҚ банктері әріптес болуда, дейді «Даму» қоры Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Г.Қалымбетова.
1 пайызбен несие беретін аталмыш жоба елімізде алғаш рет Маңғыстау облысында басталды. Келер жылы аталған жобаны өзге де аймақтар жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы