Асқар Әбиұлы 1971 жылы дүниеге келген. 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында тау-кен инженері мамандығы бойынша білім алған. 2002 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы заңгер, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолы:
1993-97 жж. – «Агротехника» кооперативі, «Қуат» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстарының Жетыбай басқармасы – шебер, бұрғышының көмекшісі.
1997-2003 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, оқытушы, аға оқытушы, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, ректордың көмекшісі.
2003-2004 жж. – «Асар» Республикалық саяси партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі.
2004-2005 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, Мұнай және газ институты директорының орынбасары.
2005-2006 жж. – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.
2006-2017 жж. – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Мұнай және газ институтының директоры, кейіннен Мұнай және газ факультетінің деканы.
2017 жылдан бастап, бүгінге дейін – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры. Жетпістен астам монография, оқу құрал және ғылыми мақалалардың авторы.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы