Еске салсақ, жуырда ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда тариф саясатының ашықтығына және тарифтерді төмендету бойынша қабылданатын шараларға арналған Дөңгелек үстелде Серік Жұманғарин алдағы уақытта коммуаналдық қызметтердің тарифтері қай салаларда және қай өңірлерде төмендейтіні туралы қосымша хабарланатын болады деп атап көрсеткен болатын.
Осыған байланысты, Вице-министрҚазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз-орталығында келер жылда халыққа қай өңірлерде және қандай салалар бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтерінің төмендеуін күтуге болады.
Аталған жұмыс Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау және су бұруқызметтерінетарифтерді төмендету бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың ағымдағы жылғы 19 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап көрсету қажет.
Жылумен жабдықтау саласында:
2018 жылдың 20 желтоқсандағы жағдайы бойынша халық үшін 3 өңірде жылуға арналған тарифтер төмендетілді, оның ішінде:
Ақмола облысы – 36,8% (116,1-ден 73,4 теңгеге/м2).
Солтүстік Қазақстан облысы – 1,1% (114,7-ден 113,4 теңгеге/м2).
Шығыс Қазақстан облысы (Семей қ.) – 2,8% (70,1-ден68,2 теңгеге/м2).
Одан басқа,2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 14 өңір үшін тарифтерді Қарағанды облысында 2,2%-дан (103,1-ден100,01 теңгеге/м2) Түркістан облысында 15,3%дейін (113,2-ден 96 теңге/м2) төмендету болжанып отыр.
Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жылумен жабдықтау қызметі үшін 6 млрд. теңгеге жуық құрайды.
Сумен жабдықтау саласында:
2018 жылдың 20 желтоқсандағы жай-күйі бойынша халық үшін суға арналған тариф Жамбыл облысында22% (52,3-ден 40,8 теңгеге/3) төмендетілді.
Одан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін қалған 16 өңірде тарифтерді төмендету Павлодар облысында 3%-дан (33,94-тен 32,92 теңгеге/м3)Қызылорда облысында 22,7% (54,6-дан 42,2 теңгеге/м3) болжанып отыр.
Су бұру саласында:
2018 жылдың 20 желтоқсандағы жай-күйі бойынша халық үшін тариф Жамбыл облысында 0,4%-ға (16,4-ден 16,3 теңгеге/3) төмендетілді. Осы ретте, Жамбыл облысындағы тариф Республика бойынша ең төмен екенін атап өту керек.
Одан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін қалған 16 өңірде тарифтерді Павлодар облысында 3%-дан (20,78-ден 20,16 теңгеге/м3), Солтүстік Қазақстан облысында (69,47-ден 67,39 теңгеге/м3) және Ақтөбе облысында (64,14-ден 62,17 теңгеге/м3) 11,4%-ға дейін Қызылорда облысында (54,07-ден 47,91теңгеге/м3) төмендету болжанып отыр.
Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жалпы сумен жабдықтау және су бұру қызметі үшін 2 млрд. теңгеден астам құрайды.
Газбен жабдықтау саласында:
2019 жылдың 1 қаңтарынанбастап,болжамдық төмендеу Маңғыстау облысында 3,3%-дан (9,2-ден 8,9 теңгеге/м3) Алматы облысында 17,5% дейін (31,8-ден 26,2 теңгеге/м3)құрайды.
Осы ретте, халық үшін газға арналған бағаны болжамдық төмендету оңтүстік өңірлерде мынаны құрайды: Алматы қаласында - 12%(29,8-ден 26,3 теңге/м3), Шымкент қаласында және Түркістан облысында - 6% (30,7-ден 28,9 теңгеге/м3), Жамбыл облысында 6% (24,3-тен 22,8 теңгеге/м3).
Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі газбен жабдықтау қызметі үшін 5 млрд. теңгеге жуық құрайды.
Электрменмен жабдықтау саласында:
Электр энергиясын өңіраралық деңгейде желілер бойынша таратуды жүзеге асыратын «КЕГОК» АҚ-ға қатысты оның тарифі 2015 жылы бекітілген 5 жылдық шекті тариф шеңберінде 2019 жылдың1 қаңтарынан бастап 12%-ға (2,4-тен 2,8 теңге/кВтс) өсуі керек.
Сонымен қатар, Монополияға қарсы комитет «КЕГОК» АҚ-мен бірге 2019 жылдың1 қаңтарынан бастап, тарифтің өсуін болдырмау және оны қолданыстағы деңгейде 2,4 теңге/кВтс қалдыру туралы шешім қабылдады.
Электр энергиясының бөлшек бағасын төмендетудің негізгі факторы Энергетика министрлігінің электр энергиясы станциясының көтерме бағасын төмендету болып табылады, бөлшек баға құрылымында станциялардың көтерме бағасының үлесі 60% жетеді.
2018 жылғы 14 желтоқсанда Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңиарынан бастап, станциялардағы электр энергиясының көтерме бағаларын 2019 жылдың 1 қағтарынан бастап төмендету туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаны төмендету Республиканың барлық өңірлерінде күтілуде.
2018 жылдың 20 желтоқсандағы жай-күйі бойынша халық үшін электр энергияның бағаларЖамбыл облысында 3,6%-ға (13,35-тен 12,86 теңге/кВтс дейін) және Қызылорда облысында 4%-ға (14,51-ден 13,93теңге/кВтс дейін) төмендетілді.
Халық үшін бөлшек бағаны болжамдық төмендету Алматы қаласында1,7% (16,36-дан 16,08 теңгеге/кВтс дейін) Атырау облысында 22,32% (5,31-ден 4,12 теңгеге/кВтс дейін) құрады.
Осы ретте, халық үшін бағаны болжамдық төмендету Шымкент қаласында және Түркістан облысында - 6,8% (14,05-тен 13,09 теңгеге/кВтс).
Нәтижесінде халықтың қаражатының үнемдеуі жалпы электрмен жабдықтау қызметі үшін 7,8 млрд. теңгеге жуық құрайды.
Сондай-ақ, заңды тұлағалар үшін электр энергиясына арналған бөлшек бағаларды төмендету 8 өңірде Алматы қаласында 1,7%-дан (16,36-дан 16,08 теңгеге/кВтс дейін) Маңғыстау облысында 18% (17,34-тен 14,10 теңгеге/кВтс дейін).
Жалпы тұтынушылардың қаражат үнемдеуі электрмен жабдықтау қызметі үшін 14,5 млрд. теңгеге жуық құрайды.
Тұтынушылардың тарифтердің төмендкуі нәтижесінде коммуналдық қызметтер үшін қаражаттардың жалпы үнемдеуі 27,5 млрд. теңгеге жуық құрайды.
Жоғарыдағы тарифтерді төмендету қорытындысында айына орташа халықтың коммуналдық қызметке төлем чегінің көлемін төмендетуге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) әкеледі.
Осыйлаша, мәселен, ауаданы 60 м2-ы 2 бөлмелі пәтерде тұрып жатқан 3 адамнан тұратын отбасының орташа есеп шотының төмендеуі мынадай мөлшерлерді құрайды.
Алматы қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін 14 483 теңге төлейді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа төлем 13 128 теңгені құрайды немесе 1 353 теңгеге төмендейді. Осылайша, коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу 9 700 теңгені құрайды.
Астана қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін10 666 теңгені құрайды. 2019 жылдың1 қаңтарынан бастап жалпы алғанда орташа 9 604 теңгені құрайды немесе 1 062 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу9 000 теңгені құрайды.
Шымкент қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін13 788 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 12 447 теңгені құрайды немесе 1 340 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу10 000 теңгені құрайды.
Ақтөбе қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін11 405 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 10 336 теңгені құрайды немесе 1 068 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу9 000 теңгені құрайды.
Өскемен қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін6 654 теңгені құрайды.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 6 341теңгені құрайды немесе 313 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу3000 теңгені құрайды.
Тараз қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін10 471 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 9 665 теңгені құрайды немесе 806 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу5 500 теңгені құрайды.
Орал қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін10 910 теңгені құрайды.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 9 875 теңгені құрайды немесе 1 035 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу8 600 теңгені құрайды.
Қызылорда қаласында 9 153 теңгені құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем8 288 теңгені құрайды немесе 865 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу7 000 теңгені құрайды.
Петропавл қаласында орташа есеппен коммуналдық қызметтер үшін10 857 теңгені құрайды.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа жалпы төлем 10 474 теңгені құрайды немесе 383 теңгеге төмендейді. Коммуналдық қызметтерге төлем бойынша жылдық үнемдеу4000 теңгені құрайды.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 7 қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілердің қызметтерге тарифтерді құруын ашықтығы бөлігінде халықпен кері байланыс жоқтығын атап көрсетті.
Бәріне мәлім, 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап барлық өңірлерде халықпен кері байланысты жақсарту жұмысы ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының, Әкімдіктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер платасының, «Нұр-Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің және басқа мүдделі органдардың қатысуымен 102 қоғамдық қабылдау өткізілді, 2 791 адам қатысты.
Өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін «жедел желі» телефондары жұмыс істеуде.
Өңірлер бойынша«жедел желі» телефондарының байланыс нөмірлерін Монополияға қарсы комитеттің сайтында (http://kremzk.gov.kz/) білуге болады.
Сондай-ақ, бұрын айтып кеткендей, тарифті құрудың ашықтығын, сондай-ақ монополистердің тарифтік сметаларын және инвестициялық бағдарламаларды орындауын бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қарауында жатқан «Табиғи монополияларды реттеу» Заң жобасы әзірленген, және ол мынаны көздейді:
1. Монополисттердің тарифті бекітуге арналған өтінімін «Монополист» базасы арқылы электрондық түрде онда барлық негіздеуші құралдарды орналастырумен және тұтынушылардың толық қол жетімділігімен беру.ТМРБжТҚҚК-да тиісті ақпараттық жүйесі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді.
Осы база арқылы тұтынушылардың енгізген ұсыныстары кейіннен оларды жария тыңдауларда талқылаумен жүйелендірілетін болады.
2. Монополисттің инвестициялық бағдарламаіс-шараларын орындаудың сыртқы техникалық аудиті.
3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілеріне әкімдіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдарының (бұдан әрі - ТҚҚҚ) өкілдерінің және тұтынушылардың баруы арқылы инвестициялық бағдарлама іс-шараларының қоғамдық мониторингі.
4. Монополисттердің бұқаралық ақпарат құралдарында инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты фото, бейне материалдармен қоса тоқсан сайын орналастыруы.
5. Монополисттердің тұтынушылардың алдында тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын орындауы туралы жыл сайынғы жария есептерді өткізуді жарты жылдық сайын өткізуге өту.
6. ТҚҚҚ-ның монополисттердің тарифтерді бекітуге арналған өтінімдерін, сондай-ақ тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындауы туралы есепті қарауға қатысуы.
7. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдарды мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша оларға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту арқылы қаржыландыру (штатта тәжірибелі заңгерлер мен экономисттердің, жұмыс тәжірибесінің міндетті түрде болуы), ол сенімді қорғау мен тарифтерді бекіту кезінде тұтынушылардың құқықтарын жақтауды қамтамасыз етеді.
8. Субъектілердің өз интернет-ресурсында инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы (объектілердің орналасқан жері, орындалу сатылары фото, бейне материалдарымен қоса) туралы ақпаратты орналастыру.
9. Әкімдіктердің есепке алу құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекітуі кезінде жария тыңдаулар өткізуі.
Сонымен қатар бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобы мақұлдаған және Үкіметке тұжырымдауға жіберілген, олКәсіпкерлік кодекске монополистерге тексерулер жүргізутетіктерін нығайтатын өзгерістер енгізуді көздейді.
Кездесу соңында БАҚ-ы өкілдеріВице-министргеқызықтыратын сұрақтарды қоя алды және оларға нақты жауаптар ала алды.