Алматы • Бүгін, 17:33

Көк түсті жол белгісі нені білдіреді

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Наурызбай батыр көшесінде көк түсті жол белгісі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көк түсті жол белгісі нені білдіреді

Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы паркинг» мәліметінше, коммуналдық мекеменің ақылы тұрақ аймағы көк түспен таңбаланады.

Сызылған көк белгі көлік жүргізушілеріне тұрақ аймағын тез анықтауға көмектеспек.

Бұрын ақылы автотұрақтар 5, 10, 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген еді, десе де аталған белгілер ақылы тұрақ шекараларын нақты көрсете алмаған.

Аталған көшеде пайда болған көк түсті таңба одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылмақ.

«Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба адам назарын аудартады. Бұл - қалалық инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындар мен қонақтар үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі. Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады», делінген «Алматы паркинг» мәлімдемесінде.