Руханият • 21 Желтоқсан, 2018

Оңдасын Елубайдың «Дүниені дүбірлеткен жеті дода» атты жинағы жарық көрді

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізге белгілі спорт журналисі, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері, жазушы-журналист Оңдасын Елубайдың «Дүниені дүбірлеткен жеті дода» атты жинағы жарық көрді. Бұл кітап «Қазақ спорты» газетінің 60 жылдығына арналған. 

 Оңдасын Елубайдың «Дүниені дүбірлеткен жеті дода» атты жинағы жарық көрді

Оңдасын Елубайдың бұл еңбегінде жеті Олим­пия ойындарына қатысып, көзбен көріп, санасына түйген жайттары қағаз бетіне түскен. Қолымызға тиген «Дүниені дүбірлет­кен жеті дода» кітабын па­рақтай отырып, қазақ спортының еліміз тәуелсіздік ал­ған жыл­дарында қол жет­кіз­ген табыстарына, к­е­йінгі толқын жас ұр­пақ­қа үлгі-өнеге болатын, олардың бойында отан­сүйгіштік қа­сиеттерді, пат­риоттық се­зімдерді қа­лыптастыруға ар­налған шығарма екеніне көз жеткіздік.

Автор қазақ елі саң­лақтарының соңғы жеті Олимпиадада қол жеткізген табыстары мен кем­шіліктері туралы ой бөліседі және өзі түсірген суреттерін ұсы­нады. Бұл жинақ әсіресе спортты жанына серік еткен ­жет­­­­­кін­­шек­­терге, сту­­дент жастарға, спорт жан­кү­йерлеріне пай­далы. 368 бет­тен, 500-ден аса суреттен тұратын кітаптың тілі жа­тық, оқуға жеңіл.

Кітапта автор тек спорт туралы ғана емес, өзі барған жеті мем­лекет­тің, яғни Аустралия, Ұлы­британия, Қытай, Италия, Ресей жә­не Оңтүстік Корея мем­ле­кеттерінің тарихын, эконо­микасы мен мәдениетін, та­рихи жетістіктерін жазып, оқыр­манмен ой бөлісуді де ұмытпаған.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»