Физика заңдылықтарын сақтай отырып, саяхатқа бейімделген «Физикадағы комикс» арқылы балалар Қазақстан бойынша саяхат жасап, еліміздің көркі көздің жауын алатын ерекше аймақтарымен таныса алады.
Жоба үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмуханов айтуынша, балалар үшін қызықты болады деген мақсатта Яков Перельманның «Занимательная физика» жұмысы негізге алынған. Жобада балалар түрлі оқиғаларға тап бола отырып, күнделікті өмірдің әр минутында кездесетін физика заңдылықтарымен таныса алады.
Өз пікірімен бөліскен комикс сюжетінің авторы және құрастырушысы, Khan Comics студиясының негізін қалаушы Оразхан Жакуп «Ғылымды жасөспірімдер экшнына айналдыра отыруды мақсат ете отырып, сценарий құрастырдық. Тапсырма қызықты болғанымен, біздер үшін сын тегеурініне түсуге тура келді. Яғни, құрғақ формулаларды талғампаз аудиторияны қызықтыратындай сюжет ойлап табуға тырыстық. Топтаманың бас суретшісі -Данияр Орынбаев, ал шығарылымдармен бірнеше колористтер жұмыс жасады. Қазіргі таңда 4-ші шығарылымның суретін салынуда. Сценерий бар топтамаға толықтай жазылып қойған. Барлығы 10 нөмірден тұратын болады»,- дейді .
«Физика комиксте» алғашқы шығарылымы мемлекеттік және орыс тілдерінде 2000 дана таралыммен басып шығарылып, таралым жартылай Алматы мектептеріне үлестірілетін болады.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ