Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2018

Қауіпсіздік мәселесі талқыланды

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста жаңа жылдық мереке кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты жиын өтті.

Қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің қатысуымен өткен отырыста жауапты мекемелер жасалған жұмыстар жайын баяндады.

- Жылыту маусымы өңірде тұрақты өтуде. Барлық 1166 әлеуметтік нысан мен 763 көпқабатты тұрғынүйге жылу беріліп, тиісті мекемелердің жұмысы – «Қызылорда ЖЭО» МКК, «КРЭК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» және «Қызылорда су жүйесі» штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин.

Ал, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов «Мереке күндері мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін облыстағы 408 әлеуметтік нысанға іс-шаралар жоспарына сәйкес қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша облыстық комиссия эвакуациялық көшіру жолдарының жағдайын, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексерді, қауіпсіздік шаралары туралы халықты алдын ала ақпараттандырды және мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне нұсқау беріп, іс - шаралар өткізілетін орындарда жедел топтар құрылып, кезекшіліктер ұйымдастырылады»,  деді.

Отырысты қортындылаған облыс әкімі комиссия мүшелеріне жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге жүз пайыз дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ