Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2018

Қарағандыда жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 желтоқсан күні Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі автобекет маңында жылу магистралінің су беруші құбырында ақау пайда болған еді.

Қарағандыда жылумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

Аталған аудан шұғыл түрде орталық жылудан ажыратылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Апат салдарынан «Степной-1, 2, 3, 4», ЖТҮК және 30-шы шағын аудандардағы 32 нысан мен 144 көп қабатты тұрғын үйде жылу беру бәсеңдеген болатын.

Бүгін, яғни 22 желтоқсанда жылу магистралінің су беруші құбырында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, үйлерді жылумен қамту толығымен қалпына келтірілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50