Хоккей • 24 Желтоқсан, 2018

Канадаға баратын хоккейшілер анықталды

137 реткөрсетілді

27 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы (U20) әлем чемпионаты өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Айтулы жарыста Қазақстан қандай құрамда өнер көрсететіні күні кеше белгілі болды.

Қақпашылар –  Демид Еремеев, Денис Каратаев («Снежные Барсы»), Владислав Нурек («Алтай Торпедо»). Қорғаушылар – Самат Данияр, Валерий Орехов, Евгений Шинкарецкий, Ернар Мұсабаев, Артем Королев, Давид Мұратов («Снежные Барсы»), Ярослав Хрипков («Алтай Торпедо»). Шабуылшылар – Саян Данияр, Артур Гатиятов, Давид Макуцкий, Иван Верещагин, Айдос Жорабек, Батырлан Мұратов, Олег Бойко, Диас Гусейнов, Максим Мусоров, Дмитрий Митенков («Снежные Барсы»), Андрей Буяльский, Руслан Демин («Темиртау»), Данил Третьяковский («Алтай Торпедо»).

Әлем чемпионатында 10 команда бес-бестен екі топқа бөлініп, өзара күш сынасады. Жерлестеріміз «В» тобында өнер көрсетеді. Осы жарыс барысында жерлестеріміз мына командалармен күш сынасады:

27.12.18 Финляндия – Қазақстан

28.12.18 Қазақстан – АҚШ

30.12.18 Қазақстан – Словакия

31.12.18 Швеция – Қазақстан

Плей-офф додасы 2 қаңтарда басталып, 5 қаңтарда жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан» 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар