Жеке кәсіпкер Норик Ашотович он жылдан астам уақыт бойы осы мекеменеің балаларына қамқорлық жасап келеді. Биыл да сол жақсы әдетінен жаңылмай, қуаныш сыйлады. Әдемі ойыншықтар, дәмі тіл үйіретін тәтті-дәмділер сыйлады. Ал, қызыққа кенелген балалар болса аяз атаға өздері жаттап келген өлең-жырларын оқып, әуелете ән салып берді. Ертегі кейіпкерлері бала қиялды баурап, сиқырлы әлемге сүңгітсе, мектеп ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама мерекеге сай мазмұнды болды.
– Мейрамхана иесі Норик Ашотович сондай бір ізгі жан,–дейді мектеп-интернат директоры Ольга Гурдинская,–жақсылық балаң көңілде жатталып қалады ғой, олар да өскен кезде өзгеге мейірі түсіп жақсылық жасауға ұмтылып тұрады.
Ойыншықтар өз алдына демеуші мектеп-интернат оқушыларына теледидар тарту етті.
– Жаңа жыл барлық балаларға жақсылық әкелсін,–дейді мектеп-интернат оқушысы Еркемай Дәкен,–денсаулықтары мықты болсын.
Бала тілегінен бағалы не бар?!
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Егемен Қазақстан»