Қамкөңіл жандарға жаңажылдық көңіл күй сыйлау мақсатында өткізілген шарада сыйлықтар таратылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ақ жаулықты аналар мен ақсақалдар ән айтып, би билеп, Аяз атаға өз өнерлерін паш етіпті. «Жаңа жылдық мерекені басқа жерде өткізуді жөн деп шештік. Себебі, біздің орталыққа қарайтындардың көбі мұндай жерлерге бара бермейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу басты міндетіміз болғандықтан осындай үлгідегі жұмыстар қажет-ақ» дейді Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Алмагүл Болатбекқызы.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы