Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2018

ШҚО-да теміржол қызметкері «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

137 реткөрсетілді

«Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Серебрянка жол дистанциясының үстіңгі қабатының элементтерін жөндеу және қайта қалыптастыру жөніндегі телім шебері, кәсіподақ комитетінің төрағасы Виктор Мильц Президент Жарлығымен үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласында қарапайым жұмыскер отбасында дүниеге келген Виктор Мильц 1985 жылдан бері бір орында табан аудармай еңбек етіп келеді екен. Осы жылдар аралығында ол  Серебрянка жол дистанциясының 2-ші разрядтағы көпір жұмысшысы, ПМ-Ч цехының бригадирі, құрылыс және жол ғимараттарын жөндеу цехының бастығы қызметтерін атқарыпты. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының бастамасымен  ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін республика бойынша 7 кәсіподақ мүшелері осы марапатқа лайық деп табылды. Ерен еңбегімен әріптестері арасында құрметке бөленген Виктор Мильцке орденді Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев табыс етті», - дейді ШҚО аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейірхан Төлеубаев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ақ халатты абзал жан

Қоғам • Бүгін, 15:14

Қоғамға белсенді жастар керек

Аймақтар • Бүгін, 15:14

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар