06 Қаңтар, 2012

Шекарашыларға арналған үй

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шекарашыларға арналған үй

Орал қаласында республика­ның батыс қақпасында қырағы қызметте жүрген шекара­шылар­ға арналған үй қысқа мерзім ішінде салынып пайдалануға бе­рілді. Оның кілттерін жаңа пәтер иелеріне Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев табыс етті. Мұн­да­ғы бір бөлмелі пә­тердің аума­ғы 44, екі  және үш бөлмелер тиі­сінше 68 және 100 шаршы метр. Аталмыш құрылыс нысаны элиталы тұрғын үйге қойылатын талаптар деңгейінде тұрғызылған. Пә­тер­лер кең де ыңғайлы, әрі төбе­лері биік. Сонымен бірге, ғимарат­тың кіре­беріс дәліздері де үлкен.

– Жаңа үйдің пайдалануға берілуі арқылы шекарашылардың жүз пайызға жуығын жаңа баспанамен қамтуға мүмкіндік туып отыр. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен елдің шекаралық қызметінде жүрген сақшыларды ұдайы қол­дап отырудың нәтижесі деп біле­міз, – деді рәсім кезінде № 2029 шекарашылар бөлімшесі коман­ди­рінің орынбасары Мирхат Бахиев.

Сонымен бірге, шекарашы­лар­ға арналып салынған алпыс пәтер­лі әсем үйден жалпы аумағы жүз шаршы метр құрайтын үш бөл­мелі пәтердің кілті қолына тиіп қуанышы қойнына сыймай тұр­ған екі ұлдың әкесі, аталған бө­лімшедегі инженерлік қыз­меттің бастығы Алексей Хорев өз тіле­гін былайша жеткізді.

– Бүгінгі күн менің отбасым үшін бақытты күн. Біз жаңа үй­ден даңғарадай үш бөлмелі  пә­тер­ге ие болдық. Бұған дейін ең­бекақымның тең жартысына жуы­ғы жалдамалы пәтерге төлеу­ге жұмсалып келді. Ендігі жерде мен бұл мәселеге алаңдамай, бар күш-жігерім мен қайратымды Қазақ­стан Республикасына қыз­мет етуге арнайтын боламын.

Темір ҚҰСАЙЫН.

ОРАЛ.