Аймақтар • 03 Қаңтар, 2019

Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Данияны жеңді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан хоккей құрамасы Канададағы жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жұбаныш матчында Данияны жеңді.

Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Данияны жеңді

Ойын қаңтардың 2-нен 3-не қараған түні Ванкувердегі «Роджерс Аренада» өтті. Екі құрама арасындағы алғашқы кезедсуде жерлестеріміз 4:3 есебімен басым түсті.

Матчта есепті бірінші болып матчтың екінші минутында қазақстандық хоккейші Олег Бойко ашты. Дегенмен 9-минутта даниялықтар есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Бірақ үзіліске дейін Ернар Мұсабаев құрамамыздың екінші голын салып, есепті 2:1 жеткізді. Екінші кезеңде Саян Данияр Қазақстан құрамасының үшінші шайбасын соқты. Ал ойынның соңғы кезеңінде Дания хоккейшілері белсенді ойнап, екі рет мергендігімен көзге түсті. Андреас Грундтвиг пен Мате Селькованың екі голына отандасымыз Артура Гатиятова бір шайбамен жауап берді. Қорытынды есеп - 4:3.

Жұбаныш матчы екі команданың біреуі екі рет жеңіске жеткенге дейін ойналады. Қазақстан мен Дания арасындағы екінші ойын 4 қаңтар күні сағат 23:00-де өтеді. Үшінші матчтың уақыты – 5 қаңтар, 23:00.

Бұған дейін жастар құрамамыз Швеция (1:4), Словакия (2:11), АҚШ (2:8) және Финляндия (0:5) елдерімен болған матчтарда жеңілген болатын. Аталған 4 ойында жерлестеріміз 5 шайба соғып, өз қақпаларына 28 шайба жіберіп алды.