Теннис • 03 Қаңтар, 2019

Денис Евсеев Futures турнирінде жеңіске жетті

204 реткөрсетілді

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгте өткен жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті.

Халықаралық турнирдің шешуші кездесуінде Денис Евсеев қытайлық Ксин Гаомен кортқа шығып, 6:4, 1:6, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді. Финалға дейін жерлесіміз үш теннисшіні қапы қалдырды. Бәсекенің алғашқы айналымында жергілікті теннисші Чага Ламадан 6:1, 2:6, 6:3 нәтижесімен басым түссе, екінші айналымда отандасымыз жапониялық теннисші Жампей Ямасакиді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Ал ширек финалда Таиланд спортшысы Вишай Тронгчарончаеквулды жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалдағы қарсыласы Александр Мюллер (Франция) жарақатына байланысты кездесуден бас тартып, жерлесіміз финалға еш қиындықсыз шықты. Денис Евсеев қазіргі таңда ерлер арасындағы АТР рейтингінде 359-орында келеді.

Соңғы жаңалықтар

UFC турнирі өтпейтін болды

Спорт • Бүгін, 19:18

Жазығы жоқ көктемнің

Әдебиет • Бүгін, 15:36

Шымкентте 40 586 азамат әлеуметтік төлем алды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:37

Еріктілердің елеулі ісі

Аймақтар • Бүгін, 14:33

Ұқсас жаңалықтар