Футбол • 03 Қаңтар, 2019

«Астана» оқу-жаттығу жиынының уақытын жариялады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футболшылары əдеттегідей жаңа маусымға дайындықтарын БАƏ-де бастайды. Алғашқы жиын 15-30 қаңтар аралығында өтеді.

«Астана» оқу-жаттығу жиынының уақытын жариялады

Бірінші жиын кезінде команда алдағы маусымға функционалдық негіздерін қалыптастырса, ал жолдастық кездесулер ОЖЖ-ның екінші бөлігіне жоспарланған.

Команда екінші жиынды Түркияда 3-24 ақпан аралығында өткізеді. Бұл жиында команда көптеген жолдастық кездесулер өткізетін болады.
Айта кетейік, жиын кезінде командаға 2018 жылы өзінің отбасылық жағдайына байланысты қызметінен уақытша кеткен Роман Григорчук бас бапкер міндетіне қайта оралады.