Бокс • 03 Қаңтар, 2019

Қазақстандық боксшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан қыздар арасындағы ұлттық құрама мүшесі, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Ишанова допинг қолданғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығы (KazNADC) хабарлады.

Қазақстандық боксшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

Спортшының қанынан тиым салынған фуросемид препараты халықаралық жарыстардың біріне қатысар алдында тапсырған тестіден табылған. Аталған препарат тікелей допинг болып есептелмесе де, ол денеден ауыр заттарды тездетіп шығару үшін қолданылады. Сондай-ақ ол салмақтың өсуіне ықпал етеді.

Назым Ишанованы спорттан шеттету мерзімі 2 жыл. Жаза мерзімі 2018 жылдың 26-қарашасынан басталып, 2020 жылдың 25-қарашасында аяқталды. Бұл дегеніңіз Ишанова 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыса алмайды деген сөз.

Айта кетейік, Назым Ишанова 2013 және 2015 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Сондай-ақ ел чемпионатында бірнеше рет топ жарған. Былтыр Үндістанда өткен әлем чемпионатында жерлесіміз 57 кило салмақта бақ сынап, 1/16 кезеңде черногориялық боксшыдан жеңіліп қалған болатын.