Мыңдаған алтынмен қапталған Алтын адам киімі жейде, етік, бас киімнен тұрады. Одан бөлек қазба жұмыстарында табылған алтын сырғалар мен сақиналар да оған тиесілі деген болжам бар.
Ғалымдар «Қазақстанның Тутанхамоны» атап кеткен Алтын адам – 18 жасар сақ сарбазы.
«Алтын адамның костюмі сол дәуірдегі ерекше шеберлікті көрсетеді. Батыр сауыты баттерлік, мөртабан, кесу және түйіршіктеу әдістерімен жасалған. Сонымен қатар, костюмнен қабыланның, бұғының, тау ешкісінің, жылқының, басқа да көптеген аң-құстың бейнесін көруге болады», дейді Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты басшысы Ақан Оңғарұлы Daily Sabah-қа берген сұхбатында.
Бұдан бөлек Daily Sabah Алтын адамды зерттеу сақ дәуірінің алтын өндірісімен қоса мәдениеті мен басқа да құпияларына жол ашты дейді. Ақан Оңғарұлының айтуынша, бұл жәдігер – сақ қоғамының алтын өндіріп, кенмен айналысқанының көрсеткіші.
Қазба жұмысынан табылған құнды заттарға қарағанда, Алтын адам ерте темір не күміс дәуірінде өмір сүрді деген болжам бар.
Сөз соңында түрік газеті Алтын адам денесінің биыл сақ дәстүрімен жер қойнауына тапсырылатынын айтқан.