Футбол • 08 Қаңтар, 2019

Әлемнің ең қымбат футболшылары анықталды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық спорт зерттеушілер орталығы CIES Football Observatory Еуропаның ТОП-5 чемпионатында доп тебетін ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады.

Әлемнің ең қымбат футболшылары анықталды

Тізімді ПСЖ клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе бастап тұр. Оның трансфер құны – 218,5 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейн (200,3 миллион еуро) болса, үздік үштікті Париж командасының тағы бір шабуылшысы Неймар (197,1 миллион еуро) қорытындылап тұр.

«Барселона» футболшысы Лионель Месси 171,2 миллион еуромен 7-орынды, «Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду 127,2 миллион еуромен 19-орынды иеленді.