Осыдан жиырма жыл бұрын Еуропаның 11 елі бірыңғай валюта - еуроны шығарды.

Осы 20 жылда еуроаймақ бірде-бір мүшесін жоғалтпады, керісінше 11-ден 19 елге дейін қатарын кеңейтті. Құлдыраудың аз-ақ алдында тұрған валюта үлкен дағдарысты бастан кешті. Бірақ, ғаламшардың алып экономикасына айналған Америка долларының монополиясына бәсекелес болды.
Еуропаның бірыңғай валютаға көшуі қандай пайда әкелді? Оған еуропалықтардың көзқарасы қандай? Бұл сұрақтарға BBC журналисі жауап іздеп көрді.
Еуроаймақтағы тұрғындардың басым көпшілігі еуроны құнын жоғалтпаған валюта деп есептейді. Өткен жылдың қазан айында Еурокомиссияның өткізген сауалнама нәтижесінде еуро Еуроодақ үшін 74%, басқа мемлекеттер үшін 64% пайдалы делінген. Кипр халқының 47%-ы, Литваның 42%-ы еуроны қолдайды. Дағдарысты бастан өткерген Грекия мен Италияның 60% және 57% еуроны қолданғанды құп көреді.
Еуроаймақтағы 19 елде 340 млн адам тұрады. Бұл - АҚШ халқының санынан көп. Еуро әлемдегі жарты миллиард адамның өмірінде және алдағы уақыттағы Еуропаның интеграциясында маңызды рөл ойнайды.
Болашақта Еуроодаққа мүше 28 елдің әрқайсысы, наурыз айында одақтан шығатын Ұлыбританиядан басқа мемлекеттер еуроға көшуі тиіс.
Еуро пайда болғанға дейін негізгі жаһандық резерв және сауда валютасы доллар болды. Енді орталық банктердің қорларының 1/5 бөлігі және еуроға әлемдік сауданың 3/1 бөлігі тиесілі.
Сауалнама бойынша еуроаймақтағы әрбір жетінші тұрғын ескі валютаны қолданады. Яғни, бұл жағдай мемлекеттің еуроаймаққа кіргеніне қанша уақыт болғанына байланысты емес. Мысалы, 2014 жылы ғана еуроға көшкен Латвия халқының 86%-ы бұрынғы лат валютасын еске алуы екіталай. Ал Бельгиядағы әрбір екінші, Германиядағы әрбір үшінші адам еуроға көшкеніне 20 жыл болғанына қарамастан бүгінге дейін франк пен марканы қолданады. 24 жасқа дейінгі азаматтардың арасында еуроны қолданбайтындар 5%-ды құрайды. Еуропада бүтін бір «€ ұрпақ» өсті. «FT» газетінің хабарлауынша, еурооаймақтың 38%-ы ересек өмірлерінде ешқашан басқа валютадан хабарлары болмаған.
2002 жылы қолма-қол еуроны шығару тарихтағы ең ірі ақша алмасу процесіне айналды. Еуропалықтар 9 млрд банкнот пен 107 млрд теңгесін 14 млрд қағаз және 52 млрд металды еуроға айырбастады.
Содан бері қолма-қол ақша көлемі төлем карталарының таралуына қарамастан ұлғайған, қазір айналымда 1,2 трлн еуроға 21 млрд банкнот бар.
Еуропалық орталық банк жиырма жылдық мерейтойына орай бірыңғай валютаның модельдік қатарын толығымен жаңартты. Осы жылы 5, 10, 20 және 50 еуро номиналы бар купюралардың артынан 100 және 200 еуро ауыстырылады.
Ал 500 еуродағы ең ірі купюраны болашақта шығармауға шешім қабылдады, өйткені ол қылмыстық әлемдегі ең танымал төлем құралы екені анықталды. Бірақ 27 қаңтардан бастап Еуроодақтың 17 елінде осы банкнота айналымнан алынып тасталады. Ал Германия мен Австрия банкнотаның көп бөлігі айналымда болғандықтан тек сәуір айының соңында бас тартады.
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар