Қоғам • 14 Қаңтар, 2019

35 жас - бала көтеру үшін кеш емес

1115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиядағы Макс Планк­­­тің демогра­фиялық зерт­теулер инс­­титутының мәлім­деуін­ше, ананың жасы сәбидің мерзімінен бұ­рын дүниеге келуі мен сал­­мағына әсер етпейді. 

35 жас - бала көтеру үшін кеш емес

Бұған дейінгі зерттеулерде 35 жас шамаларындағы ана­лардың сәбилері 2,5 келіден төмен болған және мерзімінен бұ­рын (37 аптадан төмен) дү­ние есігін ашатын. 

Дәрігер-ғалымдар 1987-2000 жылдары аралығында 35 жастан асып, дүниеге саламатты сәби әкелген мыңдаған финнің өміріне қарап, жас ұлғайған кезде дүниеге сәби әкелу қауіпті деген қа­лып­тасып қалған түсініктің жалған­ды­ғына көз жеткізген. 

Демографиялық зерттеулер институты директорының сө­зіне қарағанда, өмірге 7 айлық бала әкелу қырықтан асқан аналарда 25-29 жастағы аналарға қарағанда екі есе жоғары. 

Бірақ мамандар сау сәби әкелу ең алдымен ананың кү­ті­міне байланысты екеніне бас­ты назар аударып отыр. Ауыр көтеру, көңілсіз жүру, стресс алу – бәрі де анамен қоса құр­сақтағы нәрестеге де әсер етеді. «Әйел адам ана болуы үшін жасын уайымдамау керек. Одан да мінезін, әдетін ойласын. Ана болу ешқашан кеш емес» дейді Лондон эко­номикалық мектебінің зерттеушісі Алиса Гозис. 

Дайындаған Білім АРЫҚБАЙ