Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019

Астанада дауылды ескерту жарияланды

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жел екпіні 18м/с дейін күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Астанада дауылды ескерту жарияланды

«14 қаңтарда таңертең және күндіз елордада оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды» делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 14 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жететін болады.