Аймақтар • 14 Қаңтар, 2019

Әскерилер жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңін бастап кетті

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі – бөлімшелерді, есептоптарды және экипаждарды дайындауды бастады.

Әскерилер жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңін бастап кетті

Әскери қызметшілер әскерлерді бірізді оқытуға сәйкес мамандық бойынша даярлықтан кейін бөлімшелерді дайындау өткізіледі. Бөлімшелерді (есептоптарды) даярлау бойынша сабақтар бөлімшелер командирлерінің жетекшілігімен өткізіліп, бір айға созылады.

Бұл кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында әртүрлі ұрыс пен жауынгерлікке қақтығыс жағдайларда бөлімше құрамында алған кәсіби машықтықтарын жетілдіреді. Оқыту үрдісі барысында әскери қызметшілердің бөлімшелер құрамында әрекет етуге дайындығы мен ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді қолдануда, жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіруге басты назар қойылады. Сонымен қоса, осы аралықта әскерилердің бөлімше құрамындағы іс-әрекеттерін барынша жаттап-үйреніп алуға бағытталады. Бұр реттегі жауынгерлер «Бөлімшенің шабуылы мен қорағанысы», «Бөлімшенің маршы мен жорықтық күзеті» және «Бөлімшенің барлауы» сабақтарын қарастырады.

Бөлімшелерді дайындаудың шешуші кезеңінде жауынгерлік оқ атыстары өткізіледі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар