Президент • 14 Қаңтар, 2019

Елбасы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы грек-рим күресінің әйгілі жаттықтырушысы Вадим Александрович Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Вадим Александрович спорт саласында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен кезінде Валерий Резанцев, Жақсылық Үшкемпіров, Анатолий Назаренко және Владимир Бакулин сияқты Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің даңқты шоғырын тәрбиелеп шығарды. 2014 жылы әлемдік грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін FILA-ның Даңқ залына оның есімі жазылды», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.