Халық қалаулысының балаларға арналған базарлығын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Габдулина табыс етті.
Мерекелік іс-шараға көптеген ертегі кейіпкерлері ерекше сән беріп, жиналған балаларға жан жылуын сыйлады. Шексіз қуанышқа бөленген балалар әсем шыршаны айнала жаңа жылдық тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып шат-шадыман болды. Кеш соңында балалар Аяз атамен және ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсті. Осы орайда Жарма, Үржар аудандары балаларына да осындай Жаңа жылдық базарлық жолданғанын айта кеткен жөн.
Ерекше атап өтерлігі, бұл - Нұртай Салихұлының алғашқы сыйлығы емес. Бұл он төрт жылдан бері дәстүрге айналып келе жатқан үрдіс.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы