Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

«Е-ПИК»: жаңа порталдың пайдасы көп

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коммуналдық қызметке қатысты ақпараттар, тұрғын үйді жөндеу, аумақты тазарту, жарықтандыру жұмыстарына жиналған қаражаттың қайда, қалай жұмсалғаны туралы атыраулықтар енді интернеттен біле алады.

«Е-ПИК»: жаңа порталдың пайдасы көп

Қалада «Е-ПИК» порталы іске қосылды. Қанатқақты жоба пәтер иелері кооперативтерінің де жұмыстарын жеңілдетеді. Бұрынғыдай белгілі бір шешімді қабылдау үшін жұртты жинап жиналыс өткізіп немесе әр пәтерді аралап, жөндеу жұмыстарының басталатынын айтып, уақыт шығындамайды.

Атырау қаласы әкімдігі бас­­па­сөз қызметінің мәліме­ті­не сү­йенсек, облыс орталы­ғын­дағы 71 ПИК және басқа­ру­шы компаниялар «Аты­рау − ашық қала» порталы арқылы «Е-ПИК» бағ­­дар­ламасымен жұ­­­­мыс істейді.

− Бұл жоба тұрғындар мен ПИК, басқарушы компаниялар, коммуналдық қызметтер мен билік органдары арасындағы байланысты нығайтады. «Цифр­лы Қазақстан» бағдар­ламасы аясында бірыңғай байланыс жүйесі жасалды, − дейді Ақ­параттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді ба­қылау бөлімінің басшысы Самат Емберген. – Пор­тал кө­мегімен Атырау қала­сының әр тұрғыны жеке шот ашып, пайдаланушыға тиесілі үй ту­ралы, коммуналдық қызметтер туралы толық ақпарат алады.

Қазірдің өзінде «Е-ПИК» бағдар­ламасы бойынша тұрғын­дардан 34 өтінім түсіп, бәрі де өңделген. Порталда жоспар­лан­ған жұмыстармен танысып, тұрғындардың пікір білді­ру­лері үшін де мүмкіндік қарас­тырылған.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ