Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімдігі 2018 жылдың желтоқсан айы ішіндегі Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік күні мерекелеріне байланысты және жыл қорытындысына орай қызметкерлер мен жұмысшыларға сыйақы төлеу жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл шақыруға облыстағы үлкенді-кішілі кәсіпорындар жетекшілері нақты іспен жауап берді. 

Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге

Мерейлі шараны толық атқару үшін облыстық Экономика және бюджетті жос­парлау басқармасы өңір­де­гі орта және ірі кәсіп­орын­дардың қаржылық жағ­дайы мен сыйақы беру мүм­кін­дігіне тиісті талдау жүр­гіз­ді. Соның нәтижесінде 176 кә­­­­­сіпорындағы 40 мыңға жу­­­­ық қызметкер қомақты сыйақыға қол жеткізді. Бір қыз­­меткерге шаққанда оның орташа мөлшері 85 мың тең­гені құрады. Сыйақының жалпы мөлшері 3,1 миллиард тең­ге­ден асып түсті.

Осы орайда өз қызмет­кер­леріне сыйақы төлеу ісін­де мүдделілік көрсеткен әрі дәс­түрлі он үшінші жала­қыны беруде табандылық таныт­қандардың қатарында «Казхром ТҰҚ» АҚ», «ЭСНПС – Ақтөбе мұнай-газ», «КМК Мұнай», «ҚазақОйл» ЖШС, «Сағыз Петролеум», «АманМұнай», «Хромтау оперейтинг» секілді іргелі кәсіпорындар бар.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың ұл-қыздары және ата-ананың қамқор­лығынсыз қалған балалар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда жүргізілген қайырымдылық қағидаттары 20 мыңға жуық жеткіншекті қамтыды. Сонымен бірге ай­рықша қамқорлық пен білім беруді қажет ететін 3626 оқушы «Балаларға қуаныш сыйла» акциясына тартылды. Соған сәйкес оларға арнайы сый­лықтар берілді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ