Ашық сабақ барысында отызға жуық жас спортшы танымал бапкермен тілдесіп, көкейіндегі сұрақтарын қойып, кәсіби маманның ақыл-кеңестеріне құлақ түрді.
«Сабақ барысында біздің спортшылар жай ғана бапкермен емес, шаңғы спортының көзі тірі аңызымен кездесті. Юрий Михайлович балалармен де, кәсіби спортшылармен де жұмыс істеген мықты маман. Қыркүйек айында ол аймақтардан келген бапкерлерге арнап семинар өткізген. Бүгін балалармен кездесіп, көпшілігімен жекелеген жаттығу өткізді. Кемшіліктерін көрсетіп, кеңесін берді. Мұндай ашық сабақтардың пайдасы ұшан-теңіз», - дейді ШҚО аға бапкері Оксана Яцкая.
Юрий Каминскийдің шеберлік сабағы екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімде Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы жас спортшылармен теориялық тұрғыда ой бөлісіп, қандай жаттығуларға көп көңіл бөлу керектігін ескертті. Екінші бөлімде спортшылар практикалық тұрғыдан сабақ алды.