«Әр қызмет жеке қаралып, талдау жасалды. Нәтижесінде 141 қызмет электронды форматқа көшіріліп, 447 қызмет көрсетудің мерізімі қысқартылмақ. Мұндай құжаттардың бірі – еңбекке жарамсыздық анықтамасы. Бұл Big Data технологиясы арқылы ұлт денсаулығы туралы ақпарат беретін жаңа база жасауға мүмкіндік ашады. Ал баланы патронатты тәрбиеге беру мен оған қаржылай көмек тағайындау қызметі біріктіріліп, нәтижесінде бұл қызметті рәсімдеу 35 күннен 10 күнге қысқартылды»
Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникация министрі бүгінгі күнге дейін ведомствоаралық комиссия ұсынысын жүзеге асыру үшін 486 жол картасы бекітілгенін хабарлады.