Түркі халықтарының ішіндегі аумағы ең үлкен республиканы білесіз бе? Ә дегеннен есіңізге Қазақстан түсетіні анық. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға тұрақтаған кең жазира даламызға бес Франция сыйып кететінін айтқанда, кеудемізді мақтаныш кернейді. Бірақ бес Францияны емін-еркін орналастырып жіберуге болатын тағы бір түркі жұрты бар екен.
Ол – сонау Солтүстік мұзды мұхитымен іргелес жатқан Саха Республикасы. Айыбы Ресей Федерациясының құрамында болғандығы демесеңіз, осынау тыныш жатқан байтақ өлкенің аумағы (3,1032 млн км²) жер көлемі жағынан сегізінші орындағы Аргентинадан (2,77 млн км²) үлкен, мұхитқа сұғына еніп жатқан жетінші орындағы Үндістанның (3,3 млн км²) жер көлеміне жетеғабыл. Жерасты қазба байлықтарымен дараланатын Саха жері әлемдік алмаз нарығында алдыңғы орында.
Дайындаған Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»