Бұл азаматты есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иттің меңзеуімен келіп, жол сөмкесін тексере бастаған шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген.
Кейін өзі мойындағандай, оның жұтқаны салмағы 5 граммға жуық марихуана есірткісі болып шықты. Ұсталған азамат Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеп шығарды. Тексеру шаралары әрі қарай жалғасып жатыр.