СҚМУ-нің проректоры Ербол Исақаевтың айтуынша, мұнда медицина интерндері мен бакалаврлар дайындалып, өңірде жоғары білімді мамандарға деген тапшылықты азайтуға мүмкіндік тудырылады. Бүгінгі күні 185 студент білім алса, олардың 74-і тегін оқиды. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатымен биыл 148 миллион теңге қарастырылып отыр.
«Студенттер қатарына Индия мен Грузияның да талапты жастары тартылған. Білім сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін АҚШ-тан, Қытайдан, Литвадан, Польшадан 8 оқытушы арнайы шақыртылды. Болашақ дәрігерлер өндірістік тәжірибеден өту үшін жергілікті клиникалық мекемерлермен келісім-шарт жасалды», дейді жоғары медицина мектебінің директоры Әсет Ізденов.
Өмір ЕСҚАЛИ.
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.