Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Түпқарағанда «Қауіпсіз көлік» атты акциясы өтіп жатыр

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түпқараған ауданының ТЖБ-нің, Маңғыстау облысы ТЖД-нің жұмыс жоспарын орындау және автокөліктерде өрттердің көбеюіне байланысты және автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Түпқараған ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметімен бірлесе 2019 жылдың 11 қаңтары мен 31 қаңтары аралығында «Қауіпсіз көлік» атты акциясы өткізіліп жатыр.

 

 Түпқарағанда «Қауіпсіз көлік» атты акциясы өтіп жатыр

Түпқараған ауданында 2018 жылдың 12 айында 18 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде  5 өрт оқиғасы автокөліктере тіркеліп отыр. Өрттердің негізгі шығу себептеріне келетін болсақ автокөліктің электр жабдықтары қондырғыларын құру, пайдалану талаптарының бұзылуынан электр желілерінің қысқаша тұйықталу жағдайлары әсер етуінен және қозғалтқышты жылыту мақсатында ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болып отыр.

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе Форт-Шевченко қаласының, Баутин ауылы тұрғындарының жүргізушілеріне автокөліктерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, өрт кезіндегі іс-әрекеттер мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері түсіндіріп, жүргізушілерге автокөліктердегі өрт қауіпсіздік жаднамалары таратып жатыр.

- Автокөлікке электр дәнекерлеу және басқа отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді техникалық нұсқаулықтан өткен, рұқсат құжаты бар мамандарға тапсырып, жасату ұсынылады. Жүргізушілер «Өрт қауіпсіздік ережесі» талаптарының сақталуын қамтамасыз етсе екен, - дейді Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Н.Альджанов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы