СӨЗСОЙЫЛ: Әскери жүйе
Жексенбі, 11 қараша 2012 12:47
Бұрын:
Әскери жүйеміз басқа болатын,
Баратын жайсаң, қасқа болатын.
Ұлдарын қимай анасы жылап,
Етегі моншақ жасқа толатын.
Жексенбі, 11 қараша 2012 12:47
Бұрын:
Әскери жүйеміз басқа болатын,
Баратын жайсаң, қасқа болатын.
Ұлдарын қимай анасы жылап,
Етегі моншақ жасқа толатын.
Шаруадан сосын жеңілдететін,
Құрдымға жастық өмір кететін.
Аталарының құнын сұрамай,
Әскерге ұлдар тегін кететін.
Барып келгеннің бағы болатын,
Шырқайтын ұран әні болатын.
Жердің түбіне қашып кетсең де,
Соңыңа түсіп тауып алатын.
Бүгін:
Дейді ме бізді жігер алдайды,
Әскерді ешкім тілеп алмайды.
Ата-анасы күшін салғанмен,
Баласын қазір жібере алмайды.
Ертерек барып тізімге жазыл,
Болмайды саған дүние әзір.
Әскерге бару қиындап кетті,
Атаңның құнын сұрайды қазір.
Кедей ұлдардың қайғылы жаны,
Аяқтан келед тайдырып әлі.
Қалатын өңкей жарлы-жақыбай,
Баратын өңкей байдың ұлдары.
Ақшасы құрғыр жол байлады да,
Қолы қысқалар қайғыланып тұр.
Әскерге бару жағдайларында
Байшікештердің бағы жанып тұр.
Олжас Қасым.
Алматы.