16 Қаңтар, 2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

460 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында медицина кадрларына деген тапшылық мәселесі бірте-бірте сәтімен шешіліп келеді. Бұған жергілікті әкімдіктің облысқа келіп жұмыс істеуге құлық танытқан жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыра бастауы себеп болды деуге берік негіз бар.

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

Мысалы, Балқаш қаласында қаңырап бос тұрған көпқабатты үйдің бір кіреберісі 2017 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, соның нәтижесінде еліміздің өзге өңірлерінен келген 18 жас дәрігер баспаналы болған еді. Қазіргі уақытта бұл тәжірибе облыс бойынша қанатын кеңге жа­­­­йып, жалғасын сәтті тауып келеді.

Жаңа жылдан бері Балқаш қала­­сының тағы 16 отбасы қыз­мет­тік баспанаға ие болып, қуа­ныш­қа бөленді. Бұл жолы жас маман­дарға жер­гі­лікті меди­циналық колледж жатақ­ха­на­сы­ның жайлы пәтерлерге айнал­дыр­ылған бір қабатынан баспана бұй­ыр­ды. Мұнда тұрмысқа қажетті жабдықтың бәрі бар: пәтерлер жиһазбен, басқа да керек-жарақпен мекеме атынан қамтамасыз етілген.

– Біз жолдасымыз екеуіміз Балқаш қаласына Алматыдан келдік. Мен С.Асфендияров атын­да­ғы Қазақ ұлттық медициналық университетін тәмамдадым. Қазір жергілікті емxанада жалпы тәжірибе дәрігері болып қызмет етемін. Біз оқып жатқан кезде жергілікті мамандар келіп, жұмысқа шақырып, шарттар туралы айтқан болатын. Олар уәделерін орындады. Ең бастысы, баспанамен қамтамасыз етті. Пәтер өте жақсы, жылы, терезеден көл көрініп тұрады, – дейді жас маман Сандуғаш Әбдәзімова қуанышын жасыра алмай. 

– Өткен жылдың қыркүйек айында бізге Алматы, Астана қалаларынан, қазіргі Түркістан облысынан жас мамандар келді. Олар орталық ауруxана, емxана, псиxоневрологиялық диспансер сияқты медициналық мекеме­лер­ге жұмысқа орналасты. Біз жас мамандарға уақытша жал­да­­ма­лы пәтерлер бердік, ал қазір олар жатақxананың бе­с­ін­ші қа­батындағы жайлы пәтер­­лерге қоныс­танып жатыр. Мұн­да бар­лық жағдай жасалған, тұр­ғын­­дар тек жалдау ақысын ғана төлейді, – дейді Қарағанды облыс­тық денсаулық сақ­тау бас­қармасының Балқаш қала­сын­­дағы аумақтық өкілеттілік бөл­імінің жетекшісі Шолпан Қалық­бекова.

Жауапты маманның айтуын­ша, Балқаш қаласы бойынша салалық медицина мамандарына деген қажеттілік әлі де күн тәртібінен түспеген. Мәселен, реаниматолог, невролог, акушер-гинеколог, сондай-ақ жалпы тәжірибе дәрігерлері сияқты мамандық иелеріне сұраныс бар екен. «Біздің болашақтағы жоспарымыз зор. Бұл мәселе толық шешімін тапқанынша, біз бағдарлама жоспары бо­йынша бұл тәжірибені әрі қарай жалғастыра беретін боламыз», дейді Ш.Қалықбекова.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025