Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

166 реткөрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеңесінің отырысы өткізілді. Онда сержанттар құрамының ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізіліп, сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.

Оқу жылы басталысымен әскери бөлімдерде жаппай жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың қарқындылығы белең алуда. Осы үрдістің басты жетекшілерінің бірі болып сержанттар құрамы жұмыс жасауда. Олар өздерінің ағымдық тапсырмалары мен мәселелерін Сержанттар кеңесінде талқылап, өзекті мәселелердің шешімдерін тапты.

Сонымен қоса, отырыста сержанттардың абыройы мен намысына, әскери серіктестік, әскери бөлімге жаңадан келген әскери қызметшілерге қалыптасуда көмек көрсетуге қатысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Одан басқа, сержанттардың отбасыларында моральдық-адамгершілік жағдайды нығайту, балалары оқитын мектептерге көмек көрсету, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелері қаралды.

-Кіші командирлер жеке құрамды басқаруда негізгі тетікке ие. Сержанттардың жұмысындағы сәттілік көбінесе олардың өздерінің жеке парызы мен бағыныстыларының істері мен қылықтарына жауапкершілікті қаншалықты сезінетіне байланысты. Олар әрдайым білімдері мен тәжірибелерін жетілдіреді, әскери Жарғымен берілген құқықтарын орынды пайдаланады, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3-сыныпты сержанты Тимур Иманалов.

Қарулы Күштерде сержанттардың жалпы және әскери мәдениетін арттыру, оларды жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына тарту, сондай-ақ Қазақстан армиясында сержанттар корпусының ролін нығайту мақсатында жыл сайын Бүкілармиялық сержанттар кеңесі өткізіледі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар