Депутаттың айтуынша, қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналары арыз айтып, мемлекеттік органдар мен Денсаулық сақтау министрлігі есігін тоздырғанын жеткізді.
Сондай ақ ол бұл мәселеге министрліктің немқұрайлылық танытқанын және БАҚ саласында көтерілуіне тоқталды.
«Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен көтеріліп отыр. Мәселен, тек «Егемен Қазақстан» газетінде аталған жағдайлар бойынша бірнеше мақала шығып, Алматы қаласында қант диабетінің 1-түріне шалдыққан балалардың ата-аналарының қатысуымен бірнеше баспасөз конференциясы өтті» деді Динар Нөкетаева.
Айта кету керек, бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева қант диабетінің 1-түріне шалдыққан науқастарға алаңдаушылық білдіріп, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановқа депутаттық сауал жолдаған болатын.