Еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағанды облысында мерт болған қорықшыға шабуылдаған күдіктілердің анықталғанын айтты. Оның айтуынша, оқиға орын алған жерде екі көлік болғаны белгілі болып отыр. «Оқиғаны көргендер бар. Олар екі көлікпен жүрген. Қылмысты бір көліктегі үш адам жасаған. Екінші көліктегілерді анықтау арқылы қылмыс жасады деген күдіктілерді анықтадық», дейді Қ.Қасымов.

Алайда журналистерге берген жауабында министр күдіктілердің Қызылорда облысының тұрғындары екенін ғана хабарлап, қылмыскерлердің саны қанша екенін айтпады. Жалпы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұмның туыстарымен сөйлескен уақытта браконьерлер шабуылынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің ауруханаға жедел емес, кеш жеткізілгендігі белгілі болып отыр.
«14 қаңтар күні шамамен кешкі сағат 6-да ағама браконьерлер шабуыл жасады деген хабар жетті. Мен дереу барлық жедел қызметтерге хабарластым, маған қылмыскерлерді ұстау жоспары жарияланғанын айтты. Ерланның қансырап жатқан жерін анықтау қиын болды, браконьерлер машинаның кілті мен GPS құрылғысын алып кеткен. Ерланның қасындағы жұмыстасы хабарласты. Ол маңда телефон ұстамайды, бір амалын тауып хабарласқан екен. Біз оларды іздестіруді жеделдету үшін тікұшақ ұшыру керек екенін айтып едік, бірақ рұқсат етпеді», дейді марқұмның інісі Нұрлан Нұрғалиев.
Оның айтуынша, санавиация шақырылмаған. Сол себепті Ерлан Нұрғалиевті реанимациясы бар ауруханаға 12 сағатта әрең жеткізген.
«Біз Қарағанды облысы, Қарақайың кентінде машинаны күтіп алдық. Ерланның қолын ұстағанымда ол қорылдап жатты, желке тұсынан жараланғанын көрдім. 80 шақырым жердегі Баршино ауылына жеткенше «санавиация шақырыңдаршы» деп жалындым. Бірақ ешкім құлақ аспады, шақырмады. Сөйтіп Қорғалжынға келдік. Жедел жәрдем машинасы да, реанимация да жоқ екен. Сөйтіп Малиновкаға келгенде жедел жәрдемге хабарластық. Олар да «Қалаға кіреберістен ғана алып кете аламыз» деді. Ауруханаға таңғы 6-да жеттік. Арада қанша уақыт өтті!», дейді мерт болған қорықшының бауыры.
Биыл Қарағанды облысында осымен екінші рет заңсыз киік ату фактісі тіркеліп отыр. Айдың басында Ұлытау ауданында полиция қызметкері заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталған болатын.
Мирас АСАН,
«Egemen Qazaqstan»
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)
Руханият • Бүгін, 10:41
Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Алматылық «Еңбек ардагері» Людмила Коваль 100 жасқа толды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Аграрлық грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Үкімет • Бүгін, 09:42
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Руханият • Бүгін, 09:32
Жамбыл облысының Сарысу ауданында ит-құс көбейіп барады
Қоғам • Бүгін, 09:28
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:15
Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді
Парламент • Бүгін, 07:10
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Қоғам • Бүгін, 07:08
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Аймақтар • Бүгін, 07:05
Аймақтар • Бүгін, 06:58
«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
Руханият • Бүгін, 06:56
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Медицина • Бүгін, 06:53
Аймақтар • Бүгін, 06:52
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Қоғам • Бүгін, 06:42
Ғасыр шежіресін таспалаған «Қазақтелефильм» студиясына – 50 жыл
Кино • Бүгін, 06:40
Сармат көсемі Санкт-Петербургке сапарлады
Қазақстан • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:32
Руханият • Бүгін, 06:30
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Қоғам • Бүгін, 06:25
Президент • Бүгін, 06:16
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Кеше
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Кеше
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Кеше
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Кеше
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Кеше
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар