Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

687 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жас кәсіпкерлерді қолдау әрі жұмыстарын дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан бірқатар іс-шаралар отқарылып жатыр. 2018 жылы 13 жас кәсіпкер жалпы сомасы 6 млн 600 мың теңгені құрайтын 4 пайыздық несие алып, ісін өркендеткен. Ал, 6% несиемен ауыл шаруашылығын дамыту жобалары үшін 52 жас іскерге 220 млн 438 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Осы бағытта жас кәсіпкерлер мал шаруашылығы мен жылыжай баптауға елеулі үлес қосуда.

Маңғыстаулық жас кәсіпкерлер бас қосты

Бүгінгі таңда «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы бойынша 1847 жаңа жұмыс орнын құрумен 3,4 млрд.теңге сомасына 193 жоба мақұлданды. Оның ішінде нақты 42 жоба іске қосылып, нәтижесінде 390 жаңа жұмыс орны құрылды. (жалпы кредит соммасы 818,9 млн. теңге). 193 жобаны ұсынған азаматтардың ішінде 30-ға жуығы жастар.

Аймақ басшысымен кездесуде 40-қа жуық кәсіпкер мүше өңірлік кәсіпкерлер клубы туралы айтылды. Клубтың басты мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлердің жеке дара қалыптасуына жол ашу, тәжірибе алмасу және коммуникациялар алмасу алаңын қалыптастыру деді. «ACS» ЖШС коммерциялық директоры Сүгірбай Аят - Компания 2005 жылдан бері облыста құрылыс саласымен айналысып жатқаны жайында және бүгінде 27 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Ким Алена Юрьевна- «Childrens club» балаларды дамыту орталығының директоры. Ол - Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында орталықтарын ашып, қазір 600-ден астам баланың білімін дамытуға, шығармашылығын шыңдап, мектепке даярлауға ат салысуда. 2016 жылы ашылған кәсіптің арқасында 25 адамды жұмыспен қамтасыз етіп келеді. Қайырымдылық ретінде айына 5 мүгедек баланы дамытуға қолдау көрсетеді.

Алдағы уақытта кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен тың жобалар, ерекше идеялардың жүзеге асуы назарда, дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының басшылығы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы